18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында  белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты

 03-04 сәуірден бастап Астана қаласында, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің спорт кешенінде 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Чемпионатқа еліміздің 13 ауданынан 180-нен астам  аса спортшылар қатысуда.

Олимпиадалық емес бұқаралық спорт түріне жататын белбеу күресіне жылдан жылға қызығушылық артуда. Белбеу күресі көптеген тәсілдер мен түрлі лақтыру арсеналдарын қамтиды. Жарыс ережелері бұл тәсілдердің жарыс кезінде барынша тиімді және қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз етеді. Белбеу күресінің тәсілдерін үйрену барысында алдыңғы, ғылыми негізделген әдістер қолданылады.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша ұлттық құрама команда қалыптасып, Әлем чемпионатында, Азия чемпионатында, Азия ойындарында және Халықаралық жарыстарда елімізді намысын қорғайтын болады.

Салмақ дәрежелері: Ерлер: 62кг, 68,75,82,90,100 дейін және 100кг. жоғары.

Әйелдер: 52кг, 58,66,76, дейін және  76кг.жоғары

«Толағай» ЖШСМ» КММ спортшылардың  бірінші күнгі жарыс натижелері :

Сатбаев Дидар 1-орын 62 кг.(еркін стиль)

Дюсембаев Ботагөз 3- орын 52 кг. (еркін стиль)

Муратхан Берикбол 2- орын 62 кг. (еркін  стиль)

Курбанкулов Ауезхан 3- орын  68 кг. (еркін стиль)

Габдулина Фариза 3- орын 66 кг. (еркін стиль)

Президент Жолдауы
Мемлекеттік Рәміздер
Фотогалерея
IMG-20140317-WA0007
Санауыш