Мектеп туралы

Астана қаласының Әкімдігінің 2013 жылғы 08 қарашасындағы № 112-1925 қаулысына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ 2013 жылдың 18 қарашасында құрылды.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты

Кәсіпорын қызметінің мәні дене шынықтыру, туризм, спорт саласындағы, оның ішінде Уәкілетті орган белгілейтін спорт түрлерінде өндірістік шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекет пен қоғам қажеттіліктерімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу болып табылады.
Кәсіпорын алға қойылған мақсаттарын іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарта отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
2) спорттық резерв дайындау;
3) спорттық-бұқаралық іс-шаралар және спорттық оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;

Кәсіпорында келесі спорт түрлері бар:

 

  1. Шорт-трек
  2. Конькимен жүгіру спорты
  3. Спорттық бағдарлау
  4. Муай-тай
  5. Бодибилдинг
  6. Спорттық би
  7. Каратэ до
  8. Киокушинкай кан каратэ
  9. Каратэ шинкиокушинкай
  10. Белбеу күресі
  11. Гір көтеру
  12. Қол күрестіру
  13. Сомдалу
  14. Қазақ күресі
  15. Тоғызқұмалақ
  16. Самбо
  17. Жауынгерлік самбо
  18. Кикбоксинг
  19. Джиу-Джитсу
  20. Дзюдо
  21. Грек-рим күресі
  22. Еркін күрес
  23. Әйелдер күресі
Президент Жолдауы
Мемлекеттік Рәміздер
Фотогалерея
19059616_315626025541725_6434290848194747925_n
Санауыш