Әйелдер күресі

Қазақстандағыәйелдеркүресініңтарихы

Қазақстандағы әйелдер күресі танымал, әрі дәстүрлі спорт түріне айналып үлгермей –ақ, біздіңспортшыларбірқатаржетістіктергежетіпүлгерді. Әйелдеркүресініңсәттіқадымдарыныңбірі 2007 жылы Бакудегі әлем чемпионатында орын алды. Ол кезде Ольга Смирнова «күміс», ал Елена Шалыгина мен Ольга Жанибекова қоржынын «қоламен» толықтырды.

Араға жыл салып Олимпиада ойындарындағы палуан қыздарымыздың көптен күткен дебютіне куәгер болдық. Пекин Олимпиадасынан Елена Шалыгина қола медальмен оралды. Сол 2008 жылы Токиодағы әлем чемпионатынан Жұлдыз Эшимова-Туртбаева «күміс» олжалап қайтты.

2009 жылы Қазақстанның спортшылары жемісті жеңістерін тойлауды жалғастыра берді. Паттайя қаласында (Таиланд) өткен әлем чемпионатынан қыздар құрамасы қоржынға бірден төрт медаль салды. «Алтын» алқа Елена Шалыгина мен Татьяна Бакатюктің, күміс Жұлдыз Эшимова-Туртбаеваға, ал қола Айым Әбділдинаға бұйырды. Сондай –ақ, ұлттық құраманың мүшесі Дарья Карпенко Азия чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген жағажай күресінен қола медальға ие болды.

Хернингте (Дания) әйелдер арасындағы күрестен болған әлем чемпионатында Елена Шалыгина үшінші орынға табан тіреп, қола медаль ғана еншіледі. Алайда Бакудегі Алтын Гран-Придің финалдық тартысында Татьяна Бакатюк қарсыластарынан алтын медальды жұлып алды.

Алдағы жылы үндінің Дели қаласында өткен кезекті Азия чемпионатында қазақстандық қыздар жалпыкомандалық есепте үшінші орынды қанағат тұтты. Алтын Гюзель Манюроваға, күміс Жулдыз Эшимова-Туртбаеваға, қола Ольга Жанибековаға бұйырды. 2010 жылғы тартыс басқаларға қарағанда сәтті өтті. Алтын Гран-Придің финалдық айқасында Елена Шалыгина мен Жулдыз Эшимова-Туртбаева алтын олжаласа, күмісті Айым Абдильдина мен Гюзель Манюрова иемденді.

Қазақстандық спортшы қыздардың шеберлік көрсеткен кезі Гуанчжоудағы (Қытай) XVI жазғы Азиада ойындарында орын алды. Онда Елена Шалыгина алтын, Айым Абдильдина мен Гюзель Манюрова бір –бірден қола олжалады.

2011 жылы Ташкенттегі Азия чемпионатында Гюзель Манюрова «алтын» алқа иемденсе, ал Айым Әбділдина мен Татьяна Захарова қола медальға қол жеткізді. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Гюзель «қоладан» алқа тағынды.

2013 жылы әлемдік спорт тағы да екі жаңа палуан қыздардың атын анықтады. Республика құрамасы Италиядағы гран-приден бір алтын, екі күміспен жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. 51 келі салмақ санатында қол жеткен «алтын» Татьяна Аманжолдың еншісінде. Күміс Джулия Сатымбекова мен Эльмира Сыздыковаға бұйырды.

Белгілі болғандай, бізде жыл сайын қазақстандық спорт пен әйелдер күресін алға жетелеуде үлес қосып жатқан спортшылар көп-ақ. Осы тұрғыдан жаттықтырушылар құрамы жаңа спортшыларды тәрбиелеуді міндет тұтып отыр. Елімізде кәсіби әйелдер күресінен сегіз бөлімше жұмыс істейді. Білікті және тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен күрестің құдыретін қыздар қауымы көбірек түсініп, олардың саны күн санап артып келеді.

Президент Жолдауы
Мемлекеттік Рәміздер
Фотогалерея
IMG_0940[1]
Санауыш