Басшы блогы

Данияров Бағдат Болатович – 1982 жылы 1 желтоқсанда Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Оқу жылын 2006 жылы Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясында  «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығын, 2008 жылы «Қайнар» университетінің «Заңгер» маманы бойынша тамандады.

Білімділігі мен біліктілігі ұштасқан, Данияров Багдат Болатович дзюдо және қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының Спорт Шебері» атағына, дзюдодан «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы» дәрежесіне ие. Дзюдодан «IVдан» дәрежеде сертификатталған.

2012 жылы Токио (Жапония) қаласының «Кодокан» Халықаралық дзюдо мектебінің шәкірті. Бангкок (Таиланд) қаласындағы халықаралық дзюдо университеті сертификатының иегері.

2013 жылы жастар арасында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының аға-жаттықтырушысы.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің-Елбасы тестілерінің Ұлттық дайындық деңгейінің нормативтерін орындағаны үшін айырым белгісі бар төсбелгісімен марапатталған.

Астана қаласы әкімдерінің, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялары президенттерінің алғыс хаттарымен, Мәдениет және Спорт Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Еңбек жолы:

2004ж. – «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК, дзюдодан жаттықтырушы-оқытушы;

2005ж. – «№1 ОРМБЖСМ» МКҚК, дзюдодан жаттықтырушы-оқытушы;

2006ж. – «Жекпе-жек клубы», дзюдодан жаттықтырушы-оқытушы;

2007ж. – «Қ.Мұңайтпасов атындағы спортта  дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» ММ, дзюдодан жаттықтырушы-оқытушы;

2013-2014ж.ж. – дзюдодан Қазақстанның жастар арасында ұлттық құрама командасының аға-жаттықтырушысы;

 

2014ж. – «№7 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар

мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры;

2016ж. – қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «Толағай»

Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ басшысы қызметінде.

 

«Кез келген істің санынан, сапасы маңызды» ұстанымын ұстанатын үздік ұстаз – дзюдодан жаттықтырушы жұмысын атқару кезінде 50-ден аса спортшы тәрбиеледі. Оның ішінде, 3-еуі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 25-і Қазақстан Республикасы Спорт Шебері, ендігі 25 шәкірт Қазақстан Республикасы Спорт шеберіне үміткер. Соным, Азия чемпионы мен Әлем жүлдегерлерін, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпиондарын, Ұлттық құрама команда мүшелерін  дайындады.

Жоғары білікті, тәжірибелі, шығармашылығы кең басқарушы, қызметтің заманауи технологиясын, теориясы мен практикасын еркін меңгерген. Жалпы, азаматтық, құқықтық, экономикалық сауаттылық, қажетті психологиялық және педагогикалық білімдерін күнделікті өмірде кеңінен пайдаланады. Өзінің қызметтік міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде, ресми ережелерге сәйкес қатаң тәртіпте жүзеге асырады.

Мәселен, Данияров Бағдат Болатович басқарып отырған –  Астана қаласының әкімдігі «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі рейтингтік қорытынды бойынша «Жеке табыс салығы» критерийіне сәйкес, Қазақстан Республикасының күміс рейтингісіне ие болды. Астана қаласында өткізілген «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» атты байқауында ІІІ орынмен ерекшеленген болатын.