Мектептің мәдени өмірі

Біздің ұжымның бұқаралық жаттығуға қатысуы

This gallery contains 4 photos.

Біздің ұжым «Дәулет» спорт кешенінде өткен таңертеңгілік бұқаралық жаттығуға белсенді түрде ат салысты. Іс шараның ұйымдастырушысы ҚР мәдениет және спорт Министерстірі болды. «Басқа сен!» атты челлендждің мақсаты тұрғындардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Аталмыш акция ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда.

Белбеу күресінен ересектер арасындағы ҚР чемпионаты.

Белбеу күресінен ересектер арасындағы ҚР чемпионаты. 2018 жылғы 2-5 сәуір аралығында Аграрлық Университетінің спорт залында белбеу күресі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Жарыстарда келесі салмақ санаттары болады: Еркін стиль: (ерлер) 62,68,75,82,90,100, + 100 кг. (әйелдер) 52,58,66,76, + 76 кг. Классикалық… Толығырақ

Олимпиадалық спорт түрі – Шорт-тректен ересектер арасындағы командалық ҚР Чемпионаты!

Олимпиадалық спорт түрі – Шорт-тректен ересектер арасындағы командалық ҚР Чемпионаты!

«Сарыарқа» спорт кешенінде ҚР командалық біріншілігі өтеді. 27 наурыз – қатысушылар келу күні, 28 – 30 наурыз жарыс 10: 00-де басталады.Қазақстан Республикасының Чемпионатына командада 5 әйел және 5 ерлер қатысады.… Толығырақ

Дзюдодан жастар арасында ҚР Чемпионаты!

Талдықорған қаласында 4 мен 7 наурыз аралығында дзюдодан жастар арасында ҚР Чемпионаты өтті. Жарыс 1998-1999 ж.т. тәжрибелі спортшылар арасында, Әлем Чемпионатына іріктеу жарысы болды. «Толағай»ЖСШМ»-нің басшысы Данияров Бағдат Болатұлы жарыста спортшыларға тәжрибелік көмек көрсетіп, марапаттау рәсіміне қатысып қайтты. Спортшыларымыз атаулы… Толығырақ

«Қыс өрнегі-2018» шаңғы фестивалі мен «Масленица-қысты шығарып салу»

Ақпан айының 17 мен 18 күндері «Толағай» ЖСШМ» ұжымы «Қыс өрнегі-2018» шаңғы фестивалі мен «Масленица-қысты шығарып салу» спорттық бұқаралық іс-шараға қатысып қайтты. Спорттық бағдарлаудан спортшыларымыз шаңғы жарысына қатысып Молдашева Эльмира қыздар арасында, Адамович Дмитрий ұлдар арасында құрметті – І орындарды… Толығырақ

Ұлттық спортымыз Тоғызқұмалақтан ҚР Кубогы.

Ұлттық спортымыз Тоғызқұмалақтан 5 мен 11 ақпан аралығында Алматы қаласында ҚР Кубогы өтті. Жарысқа ОҚО, БҚО, ШҚО, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан мықты деген 100-ге жуық спортшылар бақтарын сынады. Тоғызқұмалақтан мектебіміздің жаттықтырушы-оқытушылары Шотаев Мақсат… Толығырақ

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғ.І.Күлекешовтың жүлдесі үшін қазақ күресінен 1998-2000 ж.т. жастар арасындағы Республикалық Турнирі!

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғ.І.Күлекешовтың жүлдесі үшін қазақ күресінен 1998-2000 ж.т. жастар арасындағы Республикалық Турнирі! Жарыс 2018 жылдың 17-19 ақпан күндері өтеді. «Толағай» ЖСШМ»-нің қазақ күресінен жаттықтырушы-оқытушысы Кулекешов Ғалым Ізбановичті жылда өтетін мерейлі жарысымен Құттықтаймыз!

 

Жұмыс берушілерге арналған маңызды ақпарат

Сізге өз бетіңізше электронды еңбек биржасына (www.enbek.kz) тіркелуіңізді ұсынамыз немесе төленетін жалақы көлемі, біліктілік деңгейі мен басқа да талаптары көрсетілген қажетті қызметкерлер туралы ақпаратты Халықты жұмыспен қамту орталығына жіберуіңізді сұраймыз. Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кейінгі қызметкерлерді таңдау жұмысы толығымен… Толығырақ

Президент Жолдауы
Мемлекеттік Рәміздер
Фотогалерея
20170817_162001
Санауыш