Киокушинкай-кан каратэ бойынша чемпионат

2018 жылдың 17 маусымында киокушинкай-кан каратэ бойынша чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, іс шараға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мухамедиұлы, киокушинкай-кан каратэнің Республикалық ұлттық федерациясының Президенті Оксикбаев Омархан, сонымен қатар қадірлі қонақтар киокушинкан каратэ халықырылық ұйымының Президенті Канчо Хотцуо Рояма, KWU бас хатшысы Печкунов Александр, KWU төрешілералқасының төрағасы Габбасов Рамиль қатысты.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша еркектер мен әйелдер арасында 11 салмақтық дәреже бойынша ең мықты каратистер анықталды.
Толағай спорт мектебінің спортшылары 2 алтын, 1 күміс және бір қола медаль жеңіп алғандары қуанышты жәйт.
Жанибек Темирлан 60 кг.салмақтық дәрежеде Иран спортшысы Хейдар Баратиясагинді артқа қалдырып, финалда әспетті жеңіске жетті.
Садвокасов Нурлыхан 75 кг.салмақта 3 шайқас өткізіп, барлық шайқасты уақытынан бұрын жеңіп «Мерзімімнен бұрынғы жеңіс» атты арнайы номинацияға ие болды, кейін финалда Иран спортшысымен кездесіп, тағы да мерзімінен бұрын аяқтап жеңімпаз атанды.
Алимусинов Данияр 65 кг.салмақтық дәрежеде финалда Иран спортшысы Милад Поуржафари Джориафкиді алға жіберіп алды.
Карменом Алишер 70 кг. Салмақтық дәрежеде жартылай финалда Ауғанстан спортышысы Макбул Гардивалуды алға жіберіп, күміс медалін иеленді.
Біздің спортышарымызды лайықты жеңістерімен және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!

#киокушинкай-кан каратэ,#каратэ#астана#акиматастаны, #акимат, @astana_akimat, @madeniet_sport.astana, #madenietsportastana#толғай#толагай

Президент Жолдауы
Мемлекеттік Рәміздер
Фотогалерея
20170605_164527 (2)
Санауыш